Гандболдан әлем чемпионатының көрсетілімі

14 қаңтар мен 2 ақпан аралығында бес қала мен үш елде гандболдан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Sport+
Біріншілік Берум (Норвегия), Хернинг (Дания), Загреб, Вараждин және Порец (барлығы Хорватия) қалаларында ұйымдастырылады.
Жарысқа бес құрлықтан 32 команда қатысады, олар 8 топқа бөлінеді.
Бұған дейінгі әлем чемпионатында үздік шыққан Дания құрамасы еді, бұл команда Париждегі Олимпиада Ойындарының да жеңімпазы.
Әлем чемпионатының барлық матчтарын SPORT+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.
Алғашқы ойына Франция мен Катар кездесуі 14 қаңтарға жоспарланған.