Ганалық талант «Каспий» клубына ауысты
Ақтаудың «Каспий» клубы 21 жастағы ганалық жартылай қорғаушы Давид Эптонмен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Эптон тірек жартылай қорғаушысы позициясында өнер көрсетеді. Ол Гананың «Маунтайнерс» клубының түлегі. 2024 жылы Эстонияға ауысып, «Таммека» клубымен келісімшарт жасасты. Эстониялық клуб сапында жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 53 матч өткізді.