«Галатасарай» он ойыншымен қалып, «Касымпашаны» жеңді (видео)
Түркия Суперлигасы үзілістен кейін «Галатасарай» мен «Касымпаша» арасындағы кездесумен қайта жалғасты.
Елдің қазіргі чемпионы «Галатасарай» Абдулкерим Бардакчының голының арқасында есепте алға шықты.
Алайда Лукас Торрейра алаңнан қуылғаннан кейін сан басымдығына ие болған қонақтар таразы басын теңестірді. «Касымпаша» сапынан Йесуран Рак-Саки мергендігімен көзге түсті.
Соған қарамастан, он ойыншымен қалған «Галатасарай» жеңісті жұлып алды. Кездесудің 90-минутында Барыш Йылмаз командасын қайта алға шығарса, 96-минутта Марио Лемина матчтың нүктесін қойды.
Қорытынды есеп — 3:1, «Галатасарайдың» пайдасына.
Осылайша, «Касымпаша» Түркия Суперлигасының биылғы маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.