Футзалдан Қазақстан құрамасы Иранмен екінші жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесу барысында алдымен Саджад Юсефхах есеп ашса, оған қазақстандық Біржан Оразов бір голмен жауап қайырды.

Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Жиынның қорытынды кезеңі Алматыда 6-10 қыркүйек аралығында болады. 7 қыркүйек күні Қазақстан құрамасы Аргентинамен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, биыл 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатында ел құрамасы Испания, Ливия және Жаңа Зеландиямен шеберлік байқасады.

Ал Иран F тобында Венесуэла, Гватемала және Франциямен сынға түседі.