Футзалдан Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны ірі есеппен жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Арнольд Кнауб өз есебіне 5 гол жазды, сонымен қатар голдарды Ринат Төреғазин, Ақжол Дәрібай, Лео (дубль), тағы бір гол қарсылас өз қақпасына соғып алды.
Бірақ бұл нәтиже топтағы бірінші орынға шығуға мүмкіндік бермеді, Испания құрамасы параллель матчта Ливияны 8:0 есебімен жеңді.