logo

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 турниріне жолдама алу үшін плей-офф кезеңінде ойнайтын болды

Футзалдан Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 турниріне жолдама алу үшін плей-офф кезеңінде ойнайтын болды

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне қатысуға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде екінші орынды иеленген үздік сегіз команданың қатарына кіріп, ЕУРО-2026 финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Плей-офф кезеңінің жеребесі 15 мамырда өтеді — сол кезде Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталады. Матчтар биылғы жылдың 15–24 қыркүйегі аралығында өтеді.

2026 жылғы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 20 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Латвия мен Литвада ұйымдастырылады.

Еске салайық, іріктеудің негізгі кезеңінде Қазақстан құрамасы 6-топта екінші орынды иеленді — 10 ұпай жинады. Топ жеңімпазы 16 ұпаймен Армения құрамасы болды. Қазақстандықтар Албанияны екі рет жеңді (2:0 және 4:2), Данияны бір мәрте ұтты (7:3), Армениямен тең түсті (4:4) және Даниядан (2:3) мен Армениядан (2:4) жеңілді.