Футболдан «Жетісай» қайтадан көш басында
Футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің XIІ турында Түркістан облысының «Жетісайы» көш басына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Түркістандық команда өз алаңында «Арыс» клубын қабылдады. Бұл жолы да жеңіске жетуге бар күшін салды. Десе де өз қақпасына бірінші болып гол жіберіп алды.
Ойынның 67-минутында «Арыс» командасынан Ерсайын Бегалы есеп ашып кетті. Оған «Жетісай» сапынан Асылжан Асатулла 91, Еламан Айтөре 92-минутта екі голмен жауап қайырды.
Осылайша олар қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, біріншіліктегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Нәтижесінде 25 ұпаймен қайтадан бірінші орынға көтерілді.
Аталған турда өз алаңында «Ұлытау» «Хан Тәңіріне» 0:2, «Түркістан» «Алтайға» 1:2 есебімен есе жіберді.
Ал «Екібастұз» «SD Family» командасын 4:2, «Оқжетпес» «Ақтөбе-2» клубын 1:0, «Каспий» «Таразды» 3:0, «Қайрат-2» «Қайсар-2» ұжымын 6:1 есебімен жеңді.
Енді XIІІ тур ойындары 27 маусым күні өткізіледі.