logo

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын үш жүлдемен аяқтады

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын үш жүлдемен аяқтады

Алматыда фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан құрамасы әлем біріншілігінде үш медальмен ерекшеленді. Оның екеуін Анастасия Городко иеленді. Ол могул бойынша екінші орынды және параллель могулда бірінші орынды жеңіп алды.

Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс медальға ие болды.

Медальдар есебінде Қазақстан екінші орында тұр. Бірінші орында Жапония (екі алтын және бір қола медаль), ал үшінші орында Чехия (бір алтын).

Ертең спортшылар фристайл-акробатикадан жүлделер үшін күреседі.