Франция әлем чемпионатының жартылай финалына өтті
Франция құрамасы Мысыр командасын қиындықпен жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, Хорватиямен кездесетін болады, деп хабарлайды Sport+.
Француздар Мысыр құрамасын минималды есеппен жеңді. Соңғы секундта шешуші голды сызықтағы ойыншы Лука Карабатич соқты. Арбитрлер видеоқайталау арқылы голды растап, есепке алды.
Матчтың қорытынды есебі – 34:33.
Француздар финалға шығу үшін бұған дейін Венгриядан басым түскен Хорватиямен бақ сынасады.
29 қаңтарда тағы екі жартылай финалдық матч өтеді: Дания Бразилиямен, ал Португалия Германиямен кездеседі.