logo

Флетчердің «Олд Траффордтағы» МЮ тізгініндегі алғашқы матчы. Манчестер Юнайтед – Брайтон ойынының тікелей эфирі

Флетчердің «Олд Траффордтағы» МЮ тізгініндегі алғашқы матчы. Манчестер Юнайтед – Брайтон ойынының тікелей эфирі

«Манчестер Юнайтед» Рубен Аморимді қызметінен босатып, команданың бұрынғы жартылай қорғаушысы әрі капитаны Даррен Флетчерді уақытша бас бапкер етіп тағайындады.

Флетчер командаға сырт алаңдағы «Бернлиге» қарсы матчта жетекшілік етіп үлгерді. Ал шотландиялық маманның «Олд Траффордтағы» жаңа мәртебедегі алғашқы ойыны Кубок аясындағы «Брайтонға» қарсы кездесу болмақ.

МЮ бұл матчқа қатарынан үш тең ойыннан кейін шығады: «Бернлимен» — 2:2, «Лидспен» — 1:1 және «Вулверхэмптонмен» — 1:1.

«Брайтон» да «Олд Траффордқа» Манчестерде өткен тең ойыннан кейін келеді — «Ситиге» қарсы матч 1:1 есебімен аяқталған.

«Манчестер Юнайтед» — «Брайтон» ойыны 11 қаңтар күні сағат 21:30–да өтеді.

Матчтың тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.