logo

Фьюри Усикпен айқас алдында баласынан айырылып қалғанын айтты

Фьюри Усикпен айқас алдында баласынан айырылып қалғанын айтты

Бокстан бұрынғы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри украиналық Александр Усикпен бірінші көз түйістіру рәсімінде мәлімдеме жасап, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Sport +.

18 мамыр күні Фьюри мен Усик аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына таласты. Айқас нәтижесінде төрешілер жеңісті украиналық боксшыға берді. Осы кездесуден бірер сағат бұрын Фьюридің әйелі құрсақтағы баласын тастап қойған екен.

«Жұма күні жекпе-жек алдында өткізген айқасында әйелім жеңіліс тапты. Мұның өте ауыр тигені рас. Мен ақталғым келмейді, бірақ оның құрсағында алты айлық бала бар еді, бұл бала жатырға енді біткендей жағдай емес, күйеуің басқа елде жүргенде сен өлі баланы дүниеге әкелуің керек.

Сол сәтте қасында бола алмадым. Бұл жайт өте ауыр тиді. Ол жекпе-жекке келе алмайтынын айтқанда, бір қиындықтың болғанын ішім сезді.

Әдетте ол айқасқа бір апта қалғанда келіп қолдау көрсетеді. Бірақ сол кезде қан кетіп жатқанын айтты да, келе алмайтынын жеткізді. Мен одан бәрін бүге-шегесіне дейін айтып беруін сұрадым, бірақ ләм-мим демеді. Соған қарамастан бір жамандықтың болғанын білдім. Бауырыма: «Ол баланы тастап қойды» деп айттым. Негізі ол бұл жайлы маған айтқан жоқ, бірақ мен өзім-ақ бәрін түсіндім», - деді Фьюри.

Айта кетейік, Александр Усик пен Тайсон Фьюри арасындағы реванш 21 желтоқсан күні өтеді. Лондонда жаңа айқас алдында алғашқы баспасөз конференциясы өтті.

Айта кетейік, Тайсон Фьюри мен Пэрис 2008 жылы шаңырақ көтерген. Бүгінде жұп жеті баланы тәрбиелеп отыр.