logo

ФИФА футзалдан Әлем Чемпионатындағы даулы матчты тексеруде

ФИФА футзалдан Әлем Чемпионатындағы даулы матчты тексеруде

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Франция мен Иран (1:4) арасындағы 2024 жылғы футзалдан Әлем Чемпионаты матчына қатысты тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

RMC Sport мәліметі бойынша, бұл ойынға қатысты шағымды Ливия және Парагвай құрамалары берген. Олар матчтың келісілген ойын болғанына күмәнданып, апелляция тапсырған. ФИФА шағымның түскенін растады, бірақ тергеу процесі жалғасып жатқандықтан, әзірге қосымша мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

Нәтижесінде, Иран құрамасы F тобында бірінші орын алып, 1/8 финалда Марокко құрамасымен кездеседі, ал Франция құрамасы екінші орынмен плей-оффта Таиландқа қарсы ойнайды. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы да әлем чемпионатында өнер көрсетуде және плей-оффқа шығып, 1/8 финалда Португалия құрамасымен кездеседі.