«Фенербахче» «Ризеспорға» қонаққа барады: Ойынның тікелей эфирі

«Фенербахче» «Ризеспорға» қонаққа барады: Ойынның тікелей эфирі

Түркия Суперлигасының жетінші турында «Ризеспор» өз алаңында «Фенербахчені» қабылдайды. Екі команда да алты турдан кейін 10 ұпайдан жинаған.

Дегенмен, «Ризеспор» биыл өз алаңында сәтсіз өнер көрсетіп келеді. Команда Суперлига аясында өз стадионында өткізген екі кездесуде де жеңіліп, қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады.

Ал Ыстамбұлдық «Фенербахче» сырт алаңдағы матчтарда барынша сақ әрі нәтижеге бағытталған ойын көрсетуге тырысады. Команда қонақта өткізген екі кездесуде үш гол соғып, «Самсунспорды» жеңді.

Матч сағат 21:00–де басталады.

Кездесуді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.



Күн шежіресі