logo

Фариолидің Португалиядағы дебюті. «Порту» – «Витория Гимарайш» матчының тікелей эфирі

Фариолидің Португалиядағы дебюті. «Порту» – «Витория Гимарайш» матчының тікелей эфирі

Португалия чемпионаты алғашқы күндерден-ақ турдың орталық матчтарымен қуантып жатыр. Бірінші тур аясында «Порту» өз алаңында «Витория Гимарайшты» қабылдайды.

«Портудың» жаңа бапкері – соңғы уақытта «Аякс» клубында жұмыс істеген италиялық Франческо Фариоли. Итальян маманы құрамды сәл өзгертіп, кейбір позицияларды нақты күшейтті.

«Виторияда» да жаңа бапкер – 36 жастағы Луиш Пинту, ол бұған дейін Португалияның қарапайым клубтарында жұмыс істеген.

Өткен маусымда «Порту» өз алаңында «Виториямен» тең ойнап, ұпай жоғалтқан болатын – 1:1.

Олардың жаңа кездесуі 11-нен 12 тамызға қараған түні сағат 00:45-те өтеді. Матчты тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі