logo

Фаниль Рафиков Хейбати – Тажиев жекпе-жегі туралы: Парсы жігітінің мотивациясы жоғарырақ

Фаниль Рафиков Хейбати – Тажиев жекпе-жегі туралы: Парсы жігітінің мотивациясы жоғарырақ

Фаниль Рафиков Sport+ басылымына берген сұхбатында Мұхаммед Хейбати мен Санжар Тажиев арасындағы алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.

«Бұл жекпе-жекке қатысты айтсам, бастапқыда Парсы Ушу Мастермен шығуы керек болатын, бірақ орнына Санжар Тажиев келді. Бұл кездесуде айқын фаворит көріп тұрған жоқпын, өйткені Санжар ММА бойынша көптен бері жекпе-жекке шыққан жоқ, ал Парсы анда-санда болса да, нәтижелі өнер көрсетіп жүр. Сонымен қатар, Парсы өте белсенді, түрлі шоуларда үнемі көрініп жүреді, ал Санжар көбіне жалаң қолмен төбелесу турнирлерінде өнер көрсетеді, бұл мүлде басқа бағыт. Сондықтан бұл жерде кім жақсы дайындалса, сол жеңіске жетеді деп ойлаймын. Дегенмен, Парсының мотивациясы жоғарырақ — Санжар үшін бұл хайп, ал Парсы үшін бұл жекпе-жек мансабын толығымен аяқтап алмаудың мүмкіндігі. Қалай болғанда да, қызықты қарсыласу болайын деп тұр», — деді Рафиков. 

Жекпе-жек 28 маусым күні Семей қаласында өтетін NAIZA турнирінде өтеді.



Күн шежіресі