12 қазанда Алматы корттарында ATP 250 Almaty Open турнирінің финалдық матчтары өтеді.

Төрт матчтың екеуін Sport+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Олардың қатарында қазақстандық Денис Евсеевті жарыстан шығарған Бернард Томичтің швейцариялық Марк-Андреа Хюслерге қарсы ойыны да бар.

Sport+ трансляциясының кестесі:

12:30 — Марко Топо (Германия) — Титуан Дроге (Франция)
15:00 — Марк-Андреа Хюслер (Швейцария) — Бернард Томич (Аустралия)