logo

Ешкімге жамандық тілемеймін: боксшы Ертуған Зейнуллинов Олимпиада жолдамасы туралы пікірін айтты

Ешкімге жамандық тілемеймін: боксшы Ертуған Зейнуллинов Олимпиада жолдамасы туралы пікірін айтты

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов 63,5 келі салмақта өтетін спаррингтік кездесулер туралы айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ертуған Зейнуллинов былтыр 63,5 келіде жазғы Азия ойындарына қатысып, ширек финалда жеңіліп қалған еді. Ол лицензиялық турнирде бақ сынайтын спортшылар іріктелетін Қазақстан Спартакиадасына қатыса алған жоқ.

«Азия ойындарынан кейін мұрнымның сынуына байланысты Қазақстан Спартакиадасынан сырт қалдым. Италиядағы лицензиялық жарысқа Мұхаммедсабыр Базарбайұлы барды.

Өкінішке қарай, жеңіліп қалды. Мен ешкімге де жамандық тілемеймін. Олимпиадаға кім барса да, еліміздің абыройын қолдан бермесін деген пікірдемін», – деді Ертуған.