logo

Ескі суреттер: Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадтың жағдайына күмән келтірді

Ескі суреттер: Шавкат Рахмонов Белал Мухаммадтың жағдайына күмән келтірді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов спорт журналисі Ариэль Хельваниге берген сұхбатында чемпиондық айқасының кейінге шегерілгендігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport +.

«Белалдың жарақаты туралы бір апта бұрын ғана естідім. Ауыр тиді. Дайындалдым, төбелескім келген. Бірақ не істей аласың... Ол жарақатына байланысты айқастан бас тартып отыр. Шыны керек, оның жарақаты қаншалықты күрделі екенін білмеймін. Инфекция жұқтырып алды деп жатыр. Күтеміз.
Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Сондықтан UFC 310-да кез келген қарсыласпен уақытша титул үшін кездесуге дайынмын. Кімді берсе де бәрібір, бастысы титулдық жекпе-жек болса болды. Өйткені Белалдың қашан оралатыны белгісіз. Мен дайынмын және титулға лайықпын!» - деді Рахмонов.

Қазақстандық спортшы Белалдың айқастан әдейі бас тартқан болуы мүмкіндігін де жоққа шығармады.