logo

Ескендір Қыбырай енді «Шахтерда»

Ескендір Қыбырай енді «Шахтерда»

Қазақстандық қорғаушы Ескендір Қыбырай Қарағандының «Шахтерында» мансабын жалғастырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойыншы 2021 жылы Али Алиев пен Магомед Адиев жетекшілігімен бұл командада өнер көрсеткен еді.

Маусым басынан Қыбырай «Жетісу» сапында ойнап, 1 ғана матчқа қатысты. 2022-2023 жылы Ескендір «Ақтөбе» сапында 16 ойын өткізіп, үш гол соққан.

2021 жылы Қыбырай Франция мен Тәжікстанға қарсы матчтарға Қазақстан құрамасына шақырту алған, алайда алаңға сол күйі шықпады.