logo

«Ертіс» Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысын қатарына қосты

«Ертіс» Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысын қатарына қосты

«Ертіс» 32 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Жарынбетовпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ павлодарлық клубытың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарынбетов — Екібастұз футбол мектебінің түлегі. Ол кәсіби мансабын 2011 жылы «Екібастұз» клубында бастаған. Өз командасында жартылай қорғаушы Қазақстанның Бірінші лигасында 140 матч өткізіп, 7 гол соққан.

Футболшы ең көп танымалдықты «Тобsлда» ойнаған кезінде алған. Қостанай клубының құрамында Самат 162 матч өткізіп, 4 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген. Командасымен бірге ол 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанды және 2023 жылы ел Кубогын жеңіп алды. «Тобылда» ойнаған кезеңде Жарынбетов ұлттық құрамамен дебют жасап, еурокубок турнирлерінде тәжірибе жинады.

Өткен маусым жартылай қорғаушы «Қызылжар» құрамында өтті. Петропавлдық клубта ол 24 матч өткізіп, 2 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.



Күн шежіресі