«Ертіс» осы маусымда екінші бас бапкерімен қош айтысты

«Ертіс» осы маусымда екінші бас бапкерімен қош айтысты

Павлодарлық «Ертіс» 48 жастағы қазақстандық маман Марат Еслямовтың команданың бас бапкері қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Еслямов павлодарлық клубтан өз қалауымен кетті.

Маман осы жылдың шілде айында команданың бас бапкері болып тағайындалған еді. Оның жетекшілігімен «Ертіс» 6 матч өткізіп, 2 жеңіске жетті, бір рет тең ойнап, 3 рет жеңіліс тапты.

Марат Еслямов әр жылдары «Ақсу» командасында жемісті еңбек етіп, 2021 жылы Бірінші лиганың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ ол «Қайсар» клубында жұмыс істеп, Бірінші лиганың күміс жүлдегері атанып, команданы Премьер-лигаға шығарды. 2023–2024 жылдары ол «Ұлытау» командасын басқарды.



Күн шежіресі