logo

Ерсұлтан Қалдыбеков: Жуковскийдің мықты қасиеттерінің бірі – ол командадағы атмосфераны жақсы деңгейде ұстайды

Ерсұлтан Қалдыбеков: Жуковскийдің мықты қасиеттерінің бірі – ол командадағы атмосфераны жақсы деңгейде ұстайды

«Атырау» командасының және Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Ерсұлтан Қалдыбеков Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұқбатында команданың оқу-жаттығу жиыны туралы айтып берді.

- Бірінші ОЖЖ ойдағыдай өтіп жатыр. Командада көңіл-күй тамаша, атмосфера жақсы. Өзіміздің жоспарлаған ойындарымызды өткіздік. Жаңа ойыншылармен таныстық. 3-4 күн демалыстан кейін дайындыққа қайта ораламыз.

Сонымен қатар жас ойыншы «мұнайшылармен» келісімшартқа толыққанды отырғаны туралы пікір бөлісті.

- «Атырау» ойыншы атанғанына ризамын, өйткені бұл клубтың болашағы зор. Клуб басшылары, команда бапкерлері және ойыншылар алдарына үлкен мақсаттар қоя білетін адамдар.

Ерсұлтан команданың бас бапкері Виталий Жуковскиймен қарым-қатынас туралы да айтып өтті.

- Жуковскийдің мықты қасиеттерінің бірі – ол командадағы атмосфера жақсы ұстайды. Барлық жаттығулар жақсы көңіл-күйде өтеді. Ойыншылар мен бапкерлер арасындағы қарым-қатынас жақсы деңгейде. «Атырау» футбол клубының жанкүйерлеріне және Sport Plus Qazaqstan сайтының көрермендеріне дұғай-дұғай сәлем айтқым келеді, - деді 22-жасар футболшы. 



Күн шежіресі