logo

Ербол Мырзабосынов Олимпиадалық емес спорт түрлеріндегі жалақы мәселесін айтты

Ербол Мырзабосынов Олимпиадалық емес спорт түрлеріндегі жалақы мәселесін айтты

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында берген сұхбатында бапкерлердің айлығын есептеудегі мәселелерді атап өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Олимпиадалық емес спорт түрлерінің ішкі жарыстарда да, халықаралық жарыстарда да нәтиже көрсеткені үшін жалақыға қосылатын пайызы олимпиадалық спорт түрлерінің үстемесімен бірдей болып қойылып кеткен. Олимпиадалық спорт түрінде 200-ге жуық мемлекет бәсекеге түседі. Олимпиадалық емес спорт түрінде 10-15 мемлекет қатысады. Қайсысында нәтиже көрсету оңай? Оның ішінде жылына екі рет Әлем чемпионаты өтетін спорт түрлері бар, мысалы. Соның бәрін жинап келген жаттықтырушы олимпиадалық спорт түрінің жаттықтырушысынан 10 есе, 15 есе артық айлық алады. Осының салдарынан бокс, жүзу, нысана көздеу сияқты спорт түрлеріне қарағанда пауэрлифтинг, армрестлинг сияқты спорт түрлері дамып кеткен. Әрине, оның бұқаралық эффектісі жақсы болуы мүмкін. Бірақ халықаралық аренада олимпиадалық спорт түрлерінің нәтижесі есепке алынады», — деді Ербол Мырзабосынов.