logo

Енді аямаймын: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичке ренішін білдірді

Енді аямаймын: Жәнібек Әлімханұлы Андрей Михайловичке ренішін білдірді

Кәсіпқой бокстан орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде өтпей қалған жекпе-жегі бәрібір болатынын және қарсыласы – жаңазеландиялық Андрей Михайловичтің рингте жазаланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Еске салсақ, жоспарланған жекпе-жек Жәнібектің денсаулығына байланысты өтпейтін болып шешім қабылданған еді. Салмақ қуу барысында бүйрегіне зақым келтіріп алған қазақ боксшысы ауруханадан бір-ақ шыққан. Ал, оның қарсыласы Андрей Михайлович болса Әлімханұлын мазақ етіп видеоролик түсірді.

«Андрей парақшасындағы видеоны көрдім. Бала өзіне көп алып жатыр екен. Мен жекпе-жекке денсаулығыма байланысты шыға алмадым. Ауруханаға түстім. Бірақ, қарсыласым адам басына түскен сынақты, ауыр жағдайды мазақ қылып жатыр. Бұл негізі адамгершілік емес. Ешқандай боксшы бұлай жасамайды. Қайта сауығып кет дейді. Оның ісіне тіпті, мен ұялып кеттім. Бізде контракт бар. Жұдырықтасамыз. Бірақ, енді оны аямаймын», - деп жазды Жәнібек өзінің Instagram-парақшасында.