Елшат Нығметолла: Қазақстанның көк туын әлемдік аренада биікке көтеремін
Қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында Шымкенттегі Irfin Promotion бокс кешінде өзінің жекпе-жегі туралы айтты.
— Жекпе-жек алдынғыларынан да жақсы өтті. Мерзімінен бұрын жеңуге не жетіспеді? Негізі мен бұл жекпе-жекке тек бір ай бұрын дайындала бастадым, оның үстіне мерзімінен бұрын жеңемін деп ойламадым. Алты раунд болады деп шықтым.
— Бұл сенің мансабындағы ең ауыр жекпе-жек деп айтуға болады ма?
— Жоқ, бұрында оданда ауыр жекпе-жектер болды.
— Жылдың соңына дейін неше жекпе-жек өткізу жоспарда бар?
— Негізі тағы екі жекпе-жек өткіземін деп ойлап тұрмын. Көреміз. Промоушн қандай ұсыныс береді соған байланысты.
— Irfin Promotion бастауымен алғашқы үлкен бокс кеші өтті. Бұл кешке қандай баға бересің?
— Irfin Promotion 100% ризамын. Бұл ұйым мені Қазақстанға шақырғаннан бері, көмектесіп келе жатыр. Алланың қалауымен Irfin Promotion мен Қазақстанның көк туын әлемдік аренада биікке көтеремін.
Нығметолла Өзбекстан өкілі Сарвар Усмановты төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіп, кәсіби рингте 19-шы жеңісіне қол жеткізді жетті.