logo

Елордада Қазақстан ҰОК және ISSA өкілдері кездесті

Елордада Қазақстан ҰОК және ISSA өкілдері кездесті

ISSA (Islamic Solidarity Sports Association – Ислам ынтымақтастығы спорттық қауымдастығы) делегациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы келген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

ҚР ҰОК штаб-пәтерінде өткен кездесуге ISSA Бас хатшысы Насер Маджали мырза мен Қазақстан ҰОК тарапынан ҰОК Президентінің Кеңесшісі Әлімжан Ақаев қатысты.

Басқосуда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – 2025 жылдың қарашасында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы ойындарын ұйымдастыру. 

Қазіргі таңда спорттық сайыстың бағдарламасы жасақталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша жарыс спорттың 20 түрінен өтеді. 

Сондай-ақ кездесу барысында ISSF қызметінің жаңа стратегиясы талқыланды. Мұндағы басымдық спорттық бағдарламадан басқа исламдық ойындар мәдениеті мен білім беруді дамытуға және барлық қатысушы арасында жаңа байланыс құруға берілген. 



Күн шежіресі