logo

«Елімай» жапон ойыншысымен қоштасты

«Елімай» жапон ойыншысымен қоштасты

«Елімай» 33-жасар жапон Такуи Мацунагидің команда сапынан шығатынын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Өткен маусымда Мацунаги «Елімайға» Бірінші Лигадан Премьер-Лигаға өтуге көмектескен еді. Ол 24 матчқа қатысқан. Команданың жаңа бас бапкері Андрей Карпович жартылай қорғаушыны Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырды, бірақ ойыншымен келісім-шартқа қол қойылмады.

«Елімай» Instagram желісінде Мацунагуға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.