«Елімай» шабуылшысы ҚПЛ-да 50 матч өткізді
21 жасар «Елімай» шабуылшысы Иван Свиридов алматылық «Қайратқа» қарсы ойында (1:1) Қазақстан Премьер-лигасындағы 50-ші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан Премьер-лигасында Иван Свиридов 2021 жылғы 24 мамырда Астанада өткен «Шахтер» - «Тобыл» (0:3) матчында дебют жасаған. Ол 89-шы минутта Виталий Балашовтың орнына шықты. «Шахтер» құрамында үш маусымда барлығы 42 матч өткізіп, 8 гол соқты. «Елимай» құрамында қазіргі уақытта 8 матч өткізді.
Барлығы Премьер-лигада 50 матч өткізіп, 8 гол соқты.