logo

Елена Рыбакинаның Miami Open турниріндегі ширек финалына жолдама алды

Елена Рыбакинаның Miami Open турниріндегі ширек финалына жолдама алды

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына шығып, Аустралия өкілі Талия Гибсонды (WTA рейтингінде 68-орын) сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалдағы матчта бір сағат ішінде Гибсонды екі сетте 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Келесі кезеңде қазақстандықтың қарсыласы әлемнің 5-ракеткасы америкалық теннисші Джессика Пегула болады. Ол өз кезегінде румыниялық Жаклин Кристианды (WTA 36) 6:4, 6:1 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты.

WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалына жолдама үшін кездесу 25 наурызға жоспарланған.