Елена Рыбакина жаңартылған WTA рейтингінде үздік үштіктен шығып қалды
14 қазанда WTA жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Беларусь өкілі Арина Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы атанып, Ухань турниріндегі жеңісі арқылы Ига Швентекті көшбасшылықтан ығыстырды.
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина үздік үштіктен шығып, үшінші орыннан бесінші орынға түсті. Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина тамыз айынан бері жарақатына байланысты кортқа шықпаған.
14 қазандағы WTA чемпиондық жарысы бойынша рейтинг:
1 (2). Арина Соболенко (Беларусь) — 9091 ұпай
2 (1). Ига Швентек (Польша) — 8285
3 (4). Кори Гауфф (АҚШ) — 5348
4 (5). Жасмин Паолини (Италия) — 5144
5 (3). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 4873
...
32 (35). Юлия Путинцева (Қазақстан) — 1378
314 (315). Жібек Құламбаева (Қазақстан) — 194
488 (490). Зарина Диас (Қазақстан) — 108
*Жақшаның ішінде теннисшінің алдыңғы позициясы көрсетілген.