Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің финалына шықты
Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионаты-2026 турнирінің жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған спортшы US Open-2026 финалына шығу жолындағы матчта әлемнің төртінші ракеткасы, америкалық Коко Гауффпен кездесті.
Матч үш сетке созылып, Еленаның 3:6, 6:4, 6:4 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Теннисшілер хард кортта 2 сағат 8 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Рыбакина бес эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және бес брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.
Осылайша, Елена «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шығып, онда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға қарсы ойнайды.
Сонымен қатар, Рыбакина әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуды қамтамасыз етті. Финал матчының нәтижесіне қарамастан, қазақстандық теннисші US Open аяқталғаннан кейін рейтинг көшін бастайды. Әлемдік рейтинг 14 қыркүйек, дүйсенбі күні жаңартылады.