logo

Елена Рыбакина Қазақстанның Австралияға қарсы БЖК-тегі артықшылығын арттырды (видео)

Елена Рыбакина Қазақстанның Австралияға қарсы БЖК-тегі артықшылығын арттырды (видео)

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Австралия мен Қазақстан құрамалары арасындағы Билли Джин Кинг Кубогы аясындағы қарсыласуында Кимберли Бирреллді жеңді, деп хабарлайды Sport+.

Қазақстанның бірінші ракеткасы екі сетте 6:3, 7:6 (7:4) есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Рыбакина қарсыласына 2:5 есебімен ұтылып қалғанымен, ойынды тай-брейкке өткізіп, жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Қазақстан мен Австралия арасындағы есеп 2:0 болды. Бұған дейін Юлия Путинцева Майя Джоинтты 6:2, 6:1 есебімен жеңген болатын.

Қарсыласудың соңғы матчында Жібек Құламбаева мен Анна Данилина жұптасып, Сторм Сандерс пен Эллен Переске қарсы ойнайды.



Күн шежіресі