Елена Рыбакина Нинбо қаласындағы жеңісінен кейін WTA рейтингінде жоғарылады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) жаңартылған рейтингінде екі саты жоғары көтерілді, деп хабарлайды Sport+.
Жаңа рейтингте Рыбакина 4505 ұпаймен жетінші орынды иеленіп отыр.
2025 жылғы 20 қазандағы WTA рейтингі:
1 (1). Арина Соболенко (Беларусь) — 10 390 ұпай
2 (2). Ига Швёнтек (Польша) — 8703
3 (3). Коко Гауфф (АҚШ) — 7863
4 (4). Аманда Анисимова (АҚШ) — 5914
5 (5). Джессика Пегула (АҚШ) — 5183
6 (8). Жасмин Паолини (Италия) — 4525
7 (9). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 4505
8 (7). Мэдисон Киз (АҚШ) — 4395
9 (6). Мирра Андреева (Ресей) — 4319
10 (10). Екатерина Александрова (Ресей) — 3375
Енді Елена Рыбакинаға Токиода өтетін WTA-500 турнирінде екі матч жеңіп, маусымдық Финалдық турнирге жолдама алу қажет. Бұл турнирге бұған дейін Арина Соболенко, Ига Швёнтек, Кори Гауфф, Аманда Анисимова, Джессика Пегула, Мэдисон Киз және Жасмин Паолини квалификациядан өткен.