logo

Елена Рыбакина Майамидегі финал жайында пікірін білдірді

Елена Рыбакина Майамидегі финал жайында пікірін білдірді

Елена Рыбакина WTA 1000 - Miami Open турнирінің финалына шыққанына көңілі толатынын жеткізді, деп хабарлайды  Sport Plus Qazaqstan

Майамиде ақтық ойында Даниэль Коллинзтен ұтылған соң Рыбакина бірден пікірін білдірді:

«Бұл жерде екінші рет қатарынан финалда ойнау жақсы нәтиже деп ойлаймын. Командама рахмет! Турнир басталмай тұрыс осындай көрсеткіш күтпедім. Өте қиын матчтар болды, бірақ жанкүйерлерімнің қолдауы маған күш берді.  Оларсыз финалға шыға алмас едім.

Даниэльді осы екі аптада көрсеткен әдемі ойынымен құттықтағым келеді.  Осы ғажап турнирдің ұйымдастыруға атсалысқан әр адамға алғыс білдіремін!», - деді Рыбакина.