Елена Рыбакина: Кортта қолымнан келмейтіні жоқ

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина маусым аралығында жақсарта алған қабілеті жайында айтты, деп хабарлайды Sport+
Кортта қолымнан келмейтіні жоқ. Бірақ кейбір әдістерді сирек қолданамын. Мысалы, қорғаныстағы қысқа бэкхенд. осы бағытта көп жаттықтым. Ендігі мачтарда осыны барынша көбірек қолдануға тырысамын, — деді Рыбакина.
Естеріңізге сала кетсек, Елена Рыбакина жаңа маусымды United Cup турнирінен бастады. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жартылай финалға дейін жетіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді. Әрі қарай Рыбакина Аустарлия Ашық чемпионатына қатысады.