Елена Рыбакина Канададағы турнирдің финалына бір қадам жете алмай қалды

Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында теннистен өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ақтық сынына шыға алмады, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай финалда отандасымыз канадалық Виктория Мбокоға (WTA рейтингінде 85-орында) 6:1, 5:7, 6:7 (4:7) есебімен жеңілді.
Кездесу 2 сағат 46 минутқа созылды. Рыбакина бес эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың 7-еуін пайдаланды.
Дереккөз: ҚТФ