logo

Елена Рыбакина: Ғажап екі апта өткіздім

Елена Рыбакина: Ғажап екі апта өткіздім

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохадағы WTA турнирінің финалында Ига Швентектен жеңілісі жайында айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Мен соңына дейін күрестім. Барлығына матч ұнағанына қуаныштымын. Иганы нәтижелі аптамен, ал оның командасын жақсы жасалған жұмысымен құттықтаймын! Маған қолдау көрсеткен барша адамға алғыс білдіремін. Бапкерлеріме, бас бапкеріме. Ол ойынымды теледидардан қарады деген үміттемін, бүгін демалыстағы соңғы күні (күлді).

Қазақстан теннис федерациясының президентіне ерекше алғыс білдіремін. Бүгін маған қолдау көрсету үшін арнайы келді. Жанкүйерлерге рахмет! Көптеген Қазақстан жалауын көрдім. Осыншалықты қолдау болады деп күтпедім. Бұл расымен де мен үшін үлкен көмек, әсіресе осындай қиын матчтарда», – деді Рыбакина марапаттау рәсімінен соң.