logo

Елена Рыбакина Australian Open турнирін сәтті бастады

Елена Рыбакина Australian Open турнирін сәтті бастады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Мельбурнде (Аустралия) өтіп жатқан Australian Open-2025 ірі халықаралық турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Қазақстандық теннисші алғашқы ойында аустралиялық Эмерсон Джонспен кездесті.

Кортта теннисшілер екі сет ойнады. Рыбакина  6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші АҚШ спортшысы Ива Йовичке қарсы ойнайды.



Күн шежіресі