Елена Рыбакина – Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+.
Шешуші матчта еліміздің өкілі Беларусь спортшысы Арина Соболенкоға қарсы ойнады. Қарсыласу 6:4, 4:6, 6:4 есебімен аяқталды.
Соңғы сетте Елена Рыбакина 0:3 есебімен ұтылып жатқанымен, матчтағы тартысты қайта жандандырып, есепті 4:3-ке жеткізе алды.
Жеңіс нәтижесінде Елена Рыбакина рекордтық 2,8 миллион АҚШ доллары көлеміндегі жүлде қорына ие болады, ал финалдағы қарсыласы 1,4 миллион АҚШ долларын алады.