Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
2022 жылғы Уимблдон чемпионы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің финалына шыққаннан кейін WTA әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport+.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуланы 6:3, 7:6 (9:7) есебімен жеңді.

Рыбакина Австралияның ашық чемпионатын әлемдік рейтингтің бесінші сатысында бастап, турнир барысында америкалық Аманда Анисимова мен Кори Гауффты басып озды. Финалдағы нәтиже қандай болса да, Елена әлемнің үшінші ракеткасы атанады. Бұл — 26 жастағы қазақстандық спортшының мансабындағы ең жоғары рейтингтік көрсеткіш.