logo

Елдос Сайдалин: Турнир әділетті өтті

Елдос Сайдалин: Турнир әділетті өтті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Астанада өткен спаррингтік турнир аяқталған соң кездесулер жайында olympic.kz сайтына пікірін білдірді 

"Турнир әділетті өтті. Әр салмақта жеңімпаз атанған қыздарымыз енді лицензиялық турнирге дайындалады.

Кейбір жекпе-жектер тең дәрежеде өткенін айта кету керек. Бұл біздің боксшылардың үлкен дайындықпен келгенін көрсетеді. Жас боксшыларымыз тәжірибелі спортшылардан айласын асырған кездер де тіркелді. Жастар арасындағы Қазақстан чемпионы Ұлжан Сәрсенбек сөзіме дәлел. 

Енді бізді оқу-жаттығу жиыны күтіп тұр. 13-30 сәуір аралығында жалпы дене жаттығуына арналған жиын өтеді. Кейін жоспар бойынша лицензиялық сынға дайындықты жалғастырамыз", - деді Сайдалин.