logo

Елдос Сайдалин: Өз елімізде өткен біріншілікте үлкен жауапкершілік сездік

Елдос Сайдалин: Өз елімізде өткен біріншілікте үлкен жауапкершілік сездік

Астанада аяқталған 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында әйелдер құрамасы 6 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Елдос Сайдалин Sport Plus Qazaqstan тілшсіне берген сұхбатта жарысты қорытындылады: 

«Құрамадағы спортшылардың барлығы жақсы өнер көрсетті.Тек кейбір жағдайда боксшылар асығыстық танытып, қателіктерге бой алдырды. Алдағы уақытта олқылықтармен жұмыс жасап, нәтижені жақсартамыз. 

Ақтық сында жеңілген қыздар туралы айтатын болсақ, Анита Адишеваның тәжірибесі аздық етті. Элина Базарова фииналға дейін керемет жекпе жектер өткізді, шешуші кездесуде қателіктер жіберді. Бірінші раундты жеңді, бірақ кейін күшке салып жеңіліске ұшырады. Әнел Сақыш негізі 54 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, осы біріншілікте 57 келіде жұдырықтасты. Қарсыласы өзінен ірі болды, дегенмен осы чемпионатта күміс жүлдегер атанған спортшылардың да болашағы зор.

Жанкүйерлер көп келді, өз елімізде өткендіктен үлкен жауапкершілік сезілді, көп қыздарда қобалжу да болды. Жарыстан кейін толыққанды анализ жасап, әр спортшының нәтижесіне жұмыс істейміз».  



Күн шежіресі