logo

Екі қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден екі медаль жеңіп алды

Екі қазақстандық спортшы шаңғымен тұғырдан секіруден екі медаль жеңіп алды

Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден Orlen Cup халықаралық турнирі өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған жарыста қазақстандық спортшы Керейхан Қабдулла жасөспірімдер арасында HS-70 тұғырында бақ сынап, 251,5 ұпай жинады. Осылайша отандасымыз алтыннан алқа тақты.

Ал күміс жүлде польшалық Милош Маляжға (249,6 ұпай) бұйырды. Тағы бір қазақстандық Александр Филоненко 242,3 ұпаймен үшінші орынға ие болды.



Күн шежіресі