Дзюдодан ерлер құрамасының жиыны басталды
Дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрама командасы Түркістан облысында оқу-жаттығу жиындарына қатысып жатыр, деп хабарлайды sportplustv.kz.
Жылдың алғашқы жаттығу жиынына ұлттық құрама спортшыларымен бірге өңірлерден 70-ке жуық дзюдошы шақырылған. Оқу-жаттығу жиыны 20 қаңтарға дейін жалғасады.
Айта кетейік, 26-28 қаңтар күндері дзюдодан жылдың ресми ірі жарысы - Португалиядағы Гран-при турнирі басталады.
Бас бапкер Нұрбол Сүлейменов турнирге қатысатын балуандар тізімін жариялады.
Ерлер:
60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйкенов
73 келі: Жансай Смағұлов, Дәурен Сүйкенов
81 келі: Мәди Амангелді
90 келі: Айдар Арапов, Мұхаммедәли Мавлидов
100 келі: Ислам Бозбаев
+100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.
Бұл турнирге 60 келідегі команда көшбасшысы Елдос Сметов пен Азиада қола жүлдегері Мағжан Шамшадин қатыспайды. Айта кетелік, бас бапкер Сметовтің ұлттық құрамадан бөлек жаттығатынын айтқан болатын.