logo

Джеймс Дакворт: «Турнир керемет ұйымдастырылған, Алматыда өзімді үйдегідей сезінемін»

Джеймс Дакворт: «Турнир керемет ұйымдастырылған, Алматыда өзімді үйдегідей сезінемін»

Австралиялық теннисші Джеймс Дакворт Almaty Open турнирінде сенімді әрі жинақы ойынымен көрермендерді таңғалдырып жүр. Ширек финалда ол жарыстың үшінші ракетка, италиялық Флавио Коболлиді 6:3, 6:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. 

Коболлиді жеңу Дакворт үшін мансабындағы ең маңызды жеңістердің бірі болды: осы маусымда ол Лос-Кабоста әлемнің 26-ракеткасы Алехандро Давидович Фокинаны ұтқан болатын. 

— Джеймс, жарыстың үшінші ракеткасын жеңгеніңізбен құттықтаймыз!
— Рахмет! Өзімді өте жақсы сезініп тұрмын. Маған Қазақстанда ойнаған ұнайды.Турнир керемет ұйымдастырылған, Алматыда өзімді шынымен де үйдегідей сезінемін.

— Қазақстан сіз үшін ерекше жерге айналды деуге бола ма?
Иә, әрине. Мұнда ғажайып атмосфера және сені жылы қарсы алатын көрермендер.

— Жарыс басталғалы тұрақты ойнап келесіз. Жетістік сыры неде?
— Агрессивті ойынды, өз стилімді ұстануға тырысамын. 

— Алда жартылай финал. Одан не күтесіз?
— Бұл кезеңде жеңіл қарсылас болмайды, Даниил өте мықты ойыншы, ертең кортқа шығып, жеңіс үшін бар күшімді саламын.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау



Күн шежіресі