Душан Йованчич: Грекия чемпионаты Қазақстан чемпионатынан мықты деп сенімді айта аламын
«Қызылжар» клубының жаңа футболшысы Душан Йованчич Sport Plus Qazaqstan сайтына берген сұхбатында петропавлдық клубқа ауысу туралы айтып, Грекия чемпионатын отандық біріншілікпен салыстырды.
- Душан, «Қызылжар» клубына ауысу жайлы пікіріңізді айта кетсеңіз?
- «Қызылжар» командасына ауысуға екі тараптанда қызығушылық болды. Сол себепті клубтан ұсыныс түскеннен кейін бірден келісімге келдік. Жалпы келісімге келу көп уақыт алған жоқ.
- Астана командасында сіз көбінесе орталық қорғаушы рөлін атқардың. Саған бұл позицияда ойнау қолайсыздық тудыра ма?
- Шынымды айтсам бұл позиция маған ұнады. Өзімді орталық қорғаушы позициясында қолайсыз сезінемін деп айта алмаймын.
- Маусым аяқталғаннан кейін сіз «Тобылдан» «Астана» командасына ауысқыңыз келмейді деген ақпарат шықты. Бұл ақпарат қаншалықты шындыққа жанасады?
- Бұл жалған ақпарат. «Тобылмен» келісімшарт аяқталғаннан кейін, маған «Астана» командасынан хабарласты. Көп ойланбастан мен елордалық командаға қуана ауыстым.
- Грекия чемпионаты Қазақстан чемпионатынан деңгейі жағынан жоғары ма?
- Грекия чемпионатының инфрақұрылымы, стадиондары, жанкүйерлері жақсы деңгейде. Жалпы бұл чемпионатта 4-5 команданы атап өтуге тұрарлық. Сол себепті Грекия чемпионаты Қазақстан чемпионатынан мықтырақ деп сенімді айта аламын.
- Грекиялық «Кифисья» клубы сапында 7 кездесу өткіздің. Бәсекелестік мықты болды ма?
- Шыныменде, командада жақсы бәсекелестік болды. Алайда, мен команда сапында көп болған жоқпын.
- Жаңа команда қалай қабылдады? Қай ойыншымен жеке таныс едің?
- Команда мені жақсы қабылдады. Жеке Бриджидо және Бушманмен таныспын. Қазір жаңа клубымда Сербиядан Никола Богдановски және Хорватиядан Зоран Нижич бар, сол себепті барлығы жақсы.