logo

Дулат Талыспаев: Егер менің арманым осындай қиындықтарға төзуді талап етсе, шыдау керек

Дулат Талыспаев: Егер менің арманым осындай қиындықтарға төзуді талап етсе, шыдау керек

Қазақстандық жас қақпашы Дулат Талыспаев Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында «Кеге» клубында бейімделу туралы айтты:

- Жаңа командада бейімделудің мәселелері болған жоқ, әзірше ағылшын тілін білмеймін - сол кедергі болды, әсіресе қаралым кезінде. Менің ағылшыншам төмен, бірақ тілді баяу жетілдіріп, командамен сөйлесе бастадым. Басқа елге және басқа чемпионатқа ауысу қиын емес те, оңай емес те деп айта аламын. Қазақстанда командалардың көпшілігі ұзын паспен ойнауды сұрайды, әсіресе қақпашыларды. Данияда аяқпен орташа пас беруді талап етеді, пас арқылы ойынды өрбіту керек, қарсыластардың бір тобын ойыннан бөліп тастау қажет. Даниядағы өмір? Кейде ата-анамды, Отанымды сағынамын, бірақ егер менің арманым осындай қиындықтарға төзуді талап етсе, шыдау керек, - деді жас қақпашы.  



Күн шежіресі