Дулат Бекбауов Странджа Кубогының жеңімпазы атанды
Бокстан “Странджа Кубогы” халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Болгарияда өткен беделді жарысқа 28 мемлекеттен 178 спортшы қатысты. 67 келіде Дулат Бекбауов өз жарыс жолында Благовест Неделчевті (Болгария) 3:2, Данило Лозанды (Украина) 4:1, жартылай финалда Абденасер Бенларибиді (Алжир) жеңді. Ақтық кездесуде үнді Раджаттан 3:2 есебімен басым түсті.
Тағы бір финалист Санжар Ташкенбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері Амит Пангалға (Үндістан) 0:5 есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 51 келіде күміс жүлдегер атанды.
80 келіде Тұрсынбай Құлахмет турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді. Ол жартылай финалда Тоқтарбек Таңатқанға (Қытай) 2:3 жол берді.