Дулат Бекбауов кәсіби рингтегі екінші жекпе-жегін өткізеді

Әлем және Азия чемпионаттарының финалисі Дулат Бекбауов кәсіби рингке қайта оралады, деп хабарлайды Sport+.
Дулат өзінің келесі жекпе-жегін 17 қазанда Алматыда өтетін RD Promotion кешінде өткізеді.
Қазіргі уақытта оның рекорды — 1-0. 30 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы — Конгодағы құрдасы Мариос болмақ. Ол WBO Africa және IBF African белбеулерінің иегері, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдер арасында Африка чемпионы.
RD Promotion турнирін тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.