logo

Допинг жанжалы: Қазақстанның ауыр атлетикадан бұрынғы бас бапкері өмір бойына спорттан шеттетілді

Допинг жанжалы: Қазақстанның ауыр атлетикадан бұрынғы бас бапкері өмір бойына спорттан шеттетілді

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) ауыр атлетикадан қазақстандық бапкер Алексей Ниді өмір бойына спорттық қызметтен шеттету туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sport+.

Бұған дейін ол атақты ауыр атлеттеріміз – Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Нижат Рагимовқа қатысты допинг жанжалына байланысты спорттан уақытша шеттетілген болатын. Енді ITA бұл шешімді түпкілікті деп бекітті, әрі ұлттық құраманың экс-бапкері өмір бойына спорттан шеттетілді.

Қазақстан ауыр атлетика федерациясы 63 жастағы бапкерге қатысты қатаң жазаны растады.

Алексей Геннадьевичтің інісі Виктор Ни де төрт жыл және одан да көп мерзімге шеттетілуі мүмкін. Дегенмен, ол бойынша ресми шешім әлі қабылданған жоқ, алайда ол құрамада көп жылдар бойы аға бапкер қызметін атқарған.